Көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылаудың Қарағанды бөлімшелік басқармасының мамандары «Балқаш қаласының № 2 емханасы» КМК ұйымдастырған «Вагонсервис» АҚ-ның жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімі Балқаш станциясы, «Теміржолсу –Қарағанды» ЖШС-і және «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-і Балқаш станциясы қызметкерлерінің 2025 жылғы медициналық тексеру нәтижелерін қорытуға қатысты. Отырыс жоғарыда аталған мекемелерінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Отырыс барысында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді,сонымен қатар қатысушыларға Қарағанды облысында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай назарға жеткізілді. Қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1046738?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау