Қазақстанда алғашқы ерекше жандарға арналған кітапхана Семейде ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семейде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған жаңа форматтағы кітапхана есігін айқара ашты. Еліміздегі алғашқы заманауи инклюзивті кітапхана Сеченов көшесі, 1Е мекенжайында орналасқан.

Жаңа мәдени нысанның ашылуына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков қатысып, Мемлекет басшысының инклюзия мен мәдени қолжетімділікке қатысты бастамаларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Кітапхана жылына 15 мыңға дейін адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Кітап қоры – 40 мыңнан асады. Мұнда көзі көрмейтін жандарға арналған Брайль әрпіндегі және дыбыстық форматтағы кітаптар, сондай-ақ арнайы техникалық құрылғылармен жабдықталған оқу залдары бар.

Қазіргі уақытта кітапханада алты үйірме жұмыс істейді. Одан бөлек, цифрлық оқу залы, тифлотехнологиялар кабинеті, библиография және әдебиетті өңдеу бөлімдері де қарастырылған.

Мекеме ұжымы алдағы уақытта ерекше қажеттілігі бар жандарға арнап әдеби клубтар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетелік, өңіріміздегі бірегей жоба «Самұрық- Қазына» акционерлік қоғамының, «Кемелді қадам» қоғамдық қорының демеушілігімен іске асты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1046819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version