2025 жылғы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында Грекияның Афина қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен Әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміз — Бақдәулет Әлімжанұлы мен Бекасыл Мықтыбекұлы туған өлкеге салтанатпен оралды.
Чемпиондар мен олардың білікті бапкері Мықтыбек Асамбекұлының құрметіне арналған салтанатты қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік саябағында ұйымдастырылып, үлкен мерекеге айналды.
Іс-шараға аудан жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, жастар мен спортсүйер қауым көптеп жиналып, жеңімпаздарды ерекше ықыласпен қарсы алды.
Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев сөз алып, чемпиондарды шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар салтанатты шараға аудандық мәслихат депутаттары қатысып, өз ықыластарын білдірді.
Шара барысында спортшыларға: – Аудан әкімінің құттықтау хаты,
– Аудандық мәслихаттың Алғыс хаты,
– Қаржылай сыйлық табысталып, чемпиондарға ат мінгізіліп, шапан жабылды – бұл халқымыздың ең жоғары құрмет көрсетудің айрықша белгісі.
Бұл — тек спорт жеңісі ғана емес, ауданымыздың рухын көтеріп, өскелең ұрпаққа шабыт сыйлаған тарихи сәт болды.
Жеңісті күндеріміз көп болғай!
Чемпиондарымызға алғысымыз шексіз!
© Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1046831?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау