Жетісу облысында буын сабақтастығы мен тәлімгерлікке арналған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жетісу облыстық полиция департаментінде жас мамандарды қолдау, кәсіби біліктілікті арттыру және буындар сабақтастығын нығайту мақсатында тәлімгерлік институтын дамытуға арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды.

     Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасы аясында өткізілді. 2023 жылы Жетісу облыстық полиция департаменті жанынан ішкі істер органдарында ұзақ жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан ардагер қызметкерлердің қатысуымен “Тәлімгерлер кеңесі” құрылған болатын.

     Бүгінде бұл кеңес өзінің мазмұнды әрі нәтижелі жұмысын жалғастырып келеді. Кеңестің басты мақсаты — жас қызметкерлердің кәсіби және адамгершілік тұрғыда қалыптасуына қолдау көрсету, ішкі істер органдарындағы озық дәстүрлерді сақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу.

     Кездесу аясында департамент ұжымымен ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты жанындағы Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қоғамдық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры, құрметті ардагер Өмірзақ Болсамбеков арнайы келіп жүздесті.

– Өмірзақ Көпсалбекұлы, ішкі істер саласындағы мол тәжірибеңіз бен ұзақ жылғы еңбегіңіз – барлық қызметкерлер үшін үлгі. Бүгінгі кездесу – ізгі ниет пен тәжірибе алмасудың жарқын көрінісі. Тәлімгерлермен ой бөлісіп, ақыл-кеңесіңізді айтқаныңыз үшін зор алғыс білдіреміз. Кеңес жұмысына сәттілік тілейміз, – деді Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы.

     Жиынға сондай-ақ ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ихсан Дүсембин, Жетісу облысы ПД Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Сансызбаев және Жетісу облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Эрик Болатаев қатысты.

     Мұндай кездесулер жас қызметкерлер үшін кәсіби бағдар мен рухани тәрбиенің маңызды мектебі саналады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі — жас мамандардың өсуіне, өзін табуына және елге адал қызмет етуіне зор ықпал етеді. Тәлімгерлер кеңесі алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастырып, полиция қызметінің дамуына үлес қоса береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1046566?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version