Жетісуда жүздеген азаматтың еңбек құқығы қалпына келтірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда, бұл бағыт қадағалау қызметінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Еңбек кодексінде еңбеккерлерге жыл сайынғы скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс берілуі тиіс деп белгіленген.

Қаратал ауданындағы медициналық мекемелермен салыстыру жасап, соңғы 2 жылда 90-нан астам жұмысшы мұндай тексеруден өтпегені және жұмыс берушінің оларға әлеуметтік демалыс бермегені белгілі болды.

Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті, бірақ 70 қызметкердің сақтандыру шарты болмаған.

Қаратал аудандық прокуратурасының қадағалау актісімен азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, 3 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1046348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version