АҚТАУ- СЕМЕЙ ЭКСКУРСИЯСЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ағымдағы жылдың 30 шілде – 08 тамыз күндері аралығында ұлы ақын, ұлт мақтанышы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семей қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен, терең тарихымен танысу мақсатында білім алушыларға арналған 3 күндік экскурсия ұйымдастырылды.
 
Экскурсия барысында, балалар алдымен Абай әлеміне, музейі мен кітапханасында болып, ұлы ақынның өмірімен шығармашылығымен танысты.
 
Семей қаласындағы Жидебай мен Бөрілі музей қорығында болып, Ертіс өзенінінің жағасында, көпір астында серуендеді. Зоопаркпен ботаникалық бақта демалды. Картингпен квестке қатысып, қызықты тапсырмаларды орындады.
 
«Раббит» сауда орталығы мен Экзотариумда ерекше жануарларды көріп, көңілді уақыт өткізді.
Семей – тарихы терең, табиғаты көркем қала. Экскурсия балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1047032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version