📌 *🇰🇿 АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ*
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ақпараттық-түсіндірме іс-шара өтті.
🔹 Іс-шараға Шымкент қаласы Әділет департаментінің мамандары П.Ермаханқызы, С.Алимкулов, Н.Алимкулов, «Отбасын қолдау орталығы» КММ заңгері Г.Мырзалиева және Тұран ауданы Мансап орталығының өкілі С.Дәуірбаева қатысып, Ата заңымыздың мәні мен маңызы туралы ашық диалог ұйымдастырды.
🔸 Конституция – еліміздің егемендігі мен тұрақтылығының кепілі. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық екені ерекше атап өтілді.
🟣 Шара барысында:
– Еңбек ету құқығы және оның конституциялық кепілдіктері;
– Еңбек қатынастары мен жұмыспен қамту бағдарламалары;
– «Атамекен» ҰКП жобалары аясындағы әлеуметтік кепілдіктер туралы өзара пікір алмасу өтті.
📍 Қатысушылар Ата заңға деген құрмет пен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1047394?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау