АУДАНДА АБАЙ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Биыл халқымыздың біртуар ақыны – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге, яғни, 10 тамыз – Хакім Абайдың туған күніне орай Отырар кітапханасында Абай апталығының ашылу салтанаты өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов алғы сөзбен ашып, Абайдың әр өлеңі – өмір сабағы болса, қара сөздері – терең ойдың, рухани ізденістің, адам болмысына бағытталған ғибраттың қайнар көзі екендігін атап өтті.
Сондай-ақ кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыса, аудан өнерпаздары табиғат пен сезім үндестік тапқан «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін орындады.
Ұлт мәдениеті мен әдебиетінің алтын қазынасы болған Абай шығармаларын дәріптеу одан ары жалғасын таба бермек.
Бұл игі шара ақын мұрасын зерделеп, насихаттауға тамаша мүмкіндік және жастарға берер тәлімі зор болмақ. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының бай мұрасы мен қара сөздері жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, әдебиетке деген құштарлығын арттырары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1046921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version