6 тамыз күні ел игілігі жолындағы елеулі еңбегімен танылған, өңір мақтанышына айналған ардақты жерлесіміз –Рахметуллин Дәулеткерей Рахметоллаұлына «Бөкей ордасы ауданының Құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табысталды!
Аталған марапат Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №11-4 шешіміне сәйкес берілді.
Дәулеткерей Рахметоллаұлы 1949 жылы Сайқын ауылында дүниеге келген. 1966 жылы М.Мәметова атындағы мектепті, 1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Заң саласының білікті маманы, елге қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері.
Еңбек жолын туған ауылында механизатор болып бастап, 1968–1971 жылдары әскери борышын өтеген. 1972 жылдан бастап ішкі істер және мемлекеттік басқару саласында, одан кейін прокуратура органдарында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды.
Құқық саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері» атағына ие болған.
Салтанатты жиынға облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Әліби Науханұлы Баяхов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Құрметті атақ иесін аудандық мәслихат төрағасы Л. Қайырғалиева, аудан прокурорының м.а. Р. Шәкіржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Арыстанбеков және еңбек ардагері Ж. Өтешқалиев құттықтап, ақжарма лебіздерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1046905?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау