Наурызбай ауданында мемлекеттік қызмет этикасы бойынша жиын өтті
2025 жылғы 4 тамызда Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен ауданның әдеп жөніндегі-уәкілі Мұхамеджанова Динара Қайратқызының қатысуымен кезекті жиын өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсібиә деп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Динара Қайратқызы Әдеп кодексінің негізгі ережелеріне тоқталып, қызметкердің этикалық жауапкершілігі мен қызметтік беделге нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Жиын соңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адал қызмет етуге ант беріп, өздерінің кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарын жасады.
Мемлекеттік қызмет — зор жауапкершілік пен жоғары әдептілікті талап ететін сала. Әдептілік пен әділеттілік — осы жолдың басты қағидаттары ретінде айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1046960?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау