Орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025–2026 оқу жылына дайындық шеңберінде білім беру ұйымдарының дайындығын тексеру мақсатында іріктелген мектептерге бару арқылы мониторинг жүргізуді тапсырды.
Осыған сәйкес, Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы және департамент қызметкерлері 2025 жылғы 30 шілде күні Меркі аудандарында орналасқан Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы, №33 жалпы орта мектеп және Жамбыл ауданындағы Абай атындағы орта мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық деңгейін бағалау мақсатында мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының оқу жылы басталғанға дейінгі нақты дайындығы қаралды. Атап айтқанда:
-Оқу кабинеттерінің жабдықталуы мен жарақтандырылуы – оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз етудегі басты фактор.
-Асхананың санитарлық жағдайы мен ыстық тамақпен қамтылуы – оқушылардың денсаулығы мен тамақтану сапасына тікелей әсер етеді.
-Мектеп ішіндегі және ауладағы қауіпсіздік шаралары – бейнебақылау, күзет, дабыл түймесі, өрт сөндіру жүйелерінің болуы мен жұмыс істеу жағдайы зерделенді.
-Интернет желісінің қолжетімділігі – цифрлық білім ресурстарын тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
-Акт залы мен спорттық нысандардың жағдайы – оқушылардың шығармашылық пен спорттық дамуына ықпал етеді.
-Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы – балалардың қауіпсіз ортада білім алуын қамтамасыз ететін маңызды талап.
Мониторинг қорытындысы бойынша:
№17 мектеп-гимназиясында мектеп аумағы қоршалмаған, бұл қауіпсіздік талаптарына қайшы. Сонымен қатар, сыртқы әжетханалар санитарлық талаптарға сай емес. Қазіргі уақытта жөндеу және қоршау жұмыстары жүргізілуде.
№33 орта мектепте 1-қабаттың еден жабыны тозған. Бұл мәселені шешу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 52 млн теңге бөлінген. Жөндеу сапасы мен уақытылы аяқталуы назарда ұсталуда.
Жамбыл ауданы, Абай атындағы орта мектепте дайындық деңгейі 95%-ды құрайды. Қазіргі таңда тек сыртқы әрлеу және жөндеу жұмыстары ғана қалды.
Анықталған кемшіліктер бойынша мектеп әкімшілігіне және жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді. Мониторинг қорытындысы тиісті органдарға жолданып, орындалуы департамент бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1047098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version