Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 4-5 тамыз күндері Ақмола облысына (Көкшетау қаласы, Атбасар, Зеренді және Бурабай аудандары) ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері — Муслим Хасенов пен Татьяна Миронюк жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапарының мақсаты – Отбасыны қолдау орталықтары мен Жастар денсаулығы орталықтарының жұмысымен танысу, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамалардағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру.
Ұлттық комиссия мүшелері еріктілермен кездесіп, жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ бала туу жасындағы әйелдермен акушер-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, әйелдердің құқықтарын қорғау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді.
Сапар аясында М.Х. Хасенов пен Т.А. Миронюк Отбасыны қолдау орталықтарының, Жастар денсаулығы орталықтарының қызметімен танысып, Психологиялық қолдау орталығының, Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысын көрді және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Шанс» дағдарыс орталығын аралады.
Мониторинг қорытындысы бойынша, Ұлттық комиссия мүшелері тарапынан кадр тапшылығы, жалақының төмендігі сияқты бірқатар проблемалық мәселелер анықталып, тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1047551?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау