Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Шакаева Гаухар Серікқалиқызының Шымкент қаласына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің өкілі Шакаева Гаухар Серікқалиқызы 2025 жылғы 06 тамызда оқу жылының басталуының дайындығымен танысу мақсатында Шымкент қаласына іссапармен келді.
Г. С. Шакаева қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбекпен және Білім басқарма басшысы, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілі, Шымкент қаласында білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерімен, Шымкент қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директорымен бірге 2025-2026 оқу жылының басталуы бойынша іс-шара жоспарымен танысып, білім беру нысандарын аралап, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерге және «Келешек» мектептерге барып, оқу процесіне қажетті инфрақұрылым бойынша – санитарлық тораптар (ішкі және сыртқы дәретханалар) асханалар мен тамақтану блоктарының жағдайы, балалар қауіпсіздік үшін бейнебақылау камераларының жай-күйін көріп, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына оқу кабинеттерінің әзірлігі бойынша дайындығын көрді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-shymkent/press/news/details/1047177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version