Құрметті Долинка кентінің тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2025 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2025 жылғы 15 тамыздада сағат 16.00-де Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайының Долинка кентіндегі филиалында Долинка кентінің әкімі Тусупов Арман Саткеновичтің Долинка кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кент әкіміне жеке өзіне өтініш білдіргісі келген немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын-ала жазылу Долинка кенті әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде және 58252 телефоны бойынша жүргізіледі.

Бұдан бөлек, кент әкіміне өз ұсыныстарыңызды енгізу үшін және сұрақтарыңызды қою үшін арнайы орнатылған жәшіктерді немесе «сенім телефонын» пайдалана аласыз.

Долинка кенті әкімінің аппараты 

Елді мекен

Жәшіктердің орналастырылған жері

Мекенжайы

«Жедел желі» телефоны

Северо-Западный кенті және  Долинка кенті  

Северо-Западный кентінің «Продукты» дүкені

Бурцев көшесі, 4

 

 

58252

Долинка кентінің пошта байланысы бөлімшесі

Садовая көшесі, 58

Долинка кенті әкімінің аппараты

Садовая көшесі, 58

Сангородок кентіндегі «Ксюша» дүкені

Сангародок кенті,

Лесная көшесі, 9

  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1047146?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version