Сібір жарасы — адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — Bacillus anthracis атты бацилла, ол ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталатын споралар түзеді.
Жұғу жолдары:
-
Ауру малмен немесе оның өлігінен тікелей/жанама байланыс;
-
Жұқтырылған етті дұрыс пісірмей жеу (алиментарлы жол);
-
Споралы топырақты деммен жұту (аэрогенді жол).
Адамға жұғуы мүмкін:
-
Ауру малды сою, етін бөлу кезінде;
-
Жүн, тері сияқты мал өнімдерімен жұмыс істегенде;
-
Зақымдалған етті тамаққа пайдаланғанда.
Клиникалық түрлері:
-
Тері формасы — ең жиі кездеседі. Теріде карбункул пайда болып, қызу көтеріледі, әлсіздік байқалады.
-
Өкпелік форма — ең ауыр түрі. Қатты қалтырау, ентігу, қан аралас жөтелмен көрінеді.
-
Асқазан-ішек формасы — құсу, іш өту, іштің ауыруымен білінеді.
Алдын алу шаралары:
-
Малдарды сібір жарасына қарсы уақтылы ектіру;
-
Жануарларды ветеринардың бақылауынсыз соймау;
-
Ауру немесе өлген мал туралы дереу ветеринарға хабарлау;
-
Жеке қорғаныс шараларын сақтау;
-
Жұқтырылған ет пен өнімдерді қолданбау.
Есіңізде болсын! Сібір жарасы — адам өміріне де қауіп төндіретін қауіпті дерт.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1046950?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау