Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратау ауданында жалпы аудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

 

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында

2025 жылғы 2 тамыз күні сағат 09:00-де Нұрсат тұрғын алабының 48, 49, 50, 52, 54, 56 мекенжайларындағы Көк үйлер аумағында жалпы республикалық сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған сенбілікке:

Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері – 85 адам,

“Қаратау” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері   – 75 адам, Көпқабатты тұрғын үйлердің төрағалары мен тұрғындары – 180 адам қатысып, барлығы 315 адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар 4 техника бірлігі тартылды.

Сенбілік барысында:

аулалар, ирригациялық арықтар мен аяқжолдар қоқыстан тазартылды;

қураған ағаштар кесіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді;

қоршаулар мен тұрғын үйлердің кіреберістері, есіктеріндегі рұқсатсыз ілінген жарнамалар алынып, тазалық орнатылды.

Жалпы 23 м³ көлемінде қоқыс шығарылды.

Одан бөлек, аудан аумағындағы барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарда да тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, санитарлық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар атқарылды.

           Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1047544?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version