Қабылдау барысында азаматтар жергілікті соттардың сот актілері мен процессуалдық әрекеттерімен келіспеушілік, сот практикасының бірізділігі, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде Судьялар әдебі кодексінің нормаларын бұзу мәселелерін көтерді.
Сот жюриінің төрағасы Жоғары Сот Кеңесі мен Сот жюриінің өкілеттіктері туралы жан-жақты түсініктеме берді. Әсіресе, Сот жюриі сот органы болып табылмайтыны және сот актілерін қайта қарауға құзыреті жоқ екені атап өтілді.
Азаматтарға заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану тәртібі, судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау және судьялық әдеп жөніндегі комиссиялар жүргізетін тексерулердің алгоритмі түсіндірілді.
Қабылдаудың соңында Нұржан Қайыпжан Сот жюриі соттардың және судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру қызметіне араласпайтынын атап өтті.
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1046945?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау