2025 жылғы реновация тізіміне енген мектептің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қ.Б.Жұмашев, Департамент басшысы Г.Алматов, Білім басқармасы басшысының м.а Г.Орынов, Білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов бастаған жұмыс тобы реновациядан өтіп жатқан білім беру ұйымдарына баса назар аударды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1300-ге жуық мектепті реновациялау жоспарланып, Оқу-ағарту министрлігімен мектептерді реновациядан өткізудің жиынтық жоспары бекітілген болатын.

2025 жылғы өңірлік жоспарға сәйкес, Түркістан облысындағы 41 білім беру ұйымы реновациялаудан  өтіп жатыр.

Осы орайда, жұмысшы топ реновацияның жоспарына енген Отырар ауданындағы «Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ағымдағы жөндеу жұмысын көруге барды.

Мектептің заманауи стандарттарға сай жабдықталуы, оқушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта жасалуы жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздар үшін жайлы әрі шабытты бастама болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1048242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version