ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар елімізді оңтүстіккореялық шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (EPS) енгізу бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
Асқарбек Ертаев Чжо Тэ-икті қазақстандық азаматтардың Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және тәртіпке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдап жатқан шаралар кешені туралы хабардар етті.
Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Вице-министр Корея Республикасының Елшілігіне сындарлы және татымды диалог үшін алғысын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1047796?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау