Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған «Көрнекі ақпарат пен жарнама: жаңа заң талаптары және кәсіпкерлердің міндеттері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» заң талаптарын түсіндіру, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заңнамаға сәйкестендіру бойынша нақты нұсқаулықтар беру.

Шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кәсіпкерлер палатасы және жергілікті кәсіп иелері қатысты.

Кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелер:

​• Мемлекеттік тілде көрнекі ақпаратты орналастыру талаптары;

​• Жарнама мәтіндерінің мазмұны және жазу нормалары;

​• Қос тілділікті сақтау қағидалары (мемлекеттік тіл – міндетті, басқа тіл – қосымша);

​• Заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері.

Мамандар тарапынан кәсіпкерлерге әдістемелік кеңестер беріліп, заң талаптарына сай көрнекі ақпаратты қалай рәсімдеу керектігі түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, практикалық мысалдар келтірілді.​​

Шара соңында қатысушыларға заң талаптары бойынша нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1047923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version