Батыс Қазақстан облысында экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді. Атап айтқанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді.

Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарттар жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, ал Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су жеткізуге 72 келісімшарт жасалды.

«Табиғатты қорғау мақсатында су жіберу мен табиғи шабындықтарды суару экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-күйін жақсартуға көмектеседі. Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді», – деді БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1047676?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version