Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы заңсыз құрылыстарды жою бойынша нақты тапсырмалар беріп, қоғамдық тәртіп пен елді мекен келбетінің сақталуына ерекше назар аударып отыр.
Атап айтқанда, аудан басшысы Тұрар Рысқұлов көшесі мен Асан қайғы көшесінің қиылысында орналасқан заңсыз қоршауға қатысты мәселені жеке бақылауына алып, оны тез арада жоюды тапсырды. Сонымен қатар, бұл нысанға байланысты құжаттарды зерделеп, заңдылығын нақтылау мақсатында тиісті органдарға ұсыныстар енгізуді жауапты сала басшыларына жүктеді.
Жәнібек Ағыбаев бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі және заң аясында жүргізілуі керектігін баса айтып, аудан аумағында рұқсатсыз салынған нысандарға мүлдем жол берілмейтінін қадап айтты.
Абай ауылындағы көгалдандыру жұмыстары да әкім назарынан тыс қалмады. Жәнібек Ағыбаев көгалдардың күтімі мен суғару жүйелеріндегі олқылықтарды сынға алып, бұл бағытта жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Аудан басшысы суғару жүйесін қайта қарау, тиісті инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар беріп, нысандардың сыртқы келбетіне де бірізділік енгізу қажеттігін айтты. Осыған орай, барлық жауапты мекемелерге заңдылықты қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімде тиісті шараларды жүзеге асыру жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1047628?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау