Қайнар ауылында ветеринарлық пункт құрылысы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қайнар ауылында ветеринарлық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жаңа ветеринарлық пункттің құрылысы басталды. Нысанның жанына мал дәрігерлері ветеринарлық шаралар жүргізе алатын арнайы мал қамақ (қоршаулы алаң) орнатылады.

Аталған жоба – мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары үшін маңызды шешімдердің бірі. Қазіргі таңда ветеринарлық қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігі – ауылдағы басты мәселелердің бірі болып келеді.

Жобаның тапсырыс берушісі — “Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы” мемлекеттік мекемесі.

Мердігер: “Shym Stroy” ЖШС.

Құрылысты аяқтап, нысанды 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.

Ветеринарлық пункт іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарына уақытылы, сапалы және қолжетімді ветеринарлық көмек көрсетілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tokmansay/press/news/details/1048213?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version