Қылмыстық-атқару саласының мамандары қандай да бір оқыс жағдайларға тап болған кезде жылдам шешім қабылдап, көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Бұл орайда
бас бостандығынан айыру орындарында ұсталушылардың өмірін сақтап қалу басты назарда ұсталады. Ал қандай да бір оқиға кезінде міндетті түрде шұғыл мекеме дәрігерлері және жедел жәрдем мамандары шақырылады, бірақ сол сәттегі ҚАЖ қызметкерлерінің алғашқы жәрдем көрсете алуы науқастарды өлімнен алып қалатыны сөзсіз.
Осы мақсатта Алматы қаласы Жедел жәрдем станциясының сараптама маманы Мерей Аққұлақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінің қызметкерлеріне жүрек соғысы нашарлаған жағдайда дефибриллятор құралын қалай қолдануды, арнайы айтылған құралсыз жүрек қағысын қалпына келтіруді үйретіп, эпилепсия ұстамасы кезіндегі іс-әрекеттерді көрсетті.
Жедел жәрдем станциясының сараптама маманы басқа да маңызды қажетті ақпаратпен бөлісті.
Жыл басынан бері Алматы қаласының тергеу изоляторына 3000-ға жуық күдікті мен сотталушы келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1047675?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау