Кәсіби мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов құрылыс саласының қызметкерлерін құттықтады.
Аймақ басшысы бүгінде өңірде құрылыс саласында жұмыс көлемі 20%-ке өсіп, орташа республикалық көрсеткіштерден артқанын атап өтті.
«Бүгінде құрылыс қарқыны бойынша Шығыс Қазақстан облысы ел көлемінде көшбасшылар қатарында. Бұл өңір құрылысшыларының тынымсыз еңбегі, ісіне деген адалдығының нәтижесі. Сіздер ғимараттар тұрғызып қана қоймай – мыңдаған адамдардың жайлы, қауіпсіз және лайықты өмір сүруіне жағдай жасайсыздар», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Сондай-ақ, соңғы екі жылда облыс көлемінде 755 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6 мыңға жуық отбасы баспаналы болған Бұл ретте 1065 пәтерге әлеуметтік осал топ азаматтар ие болды, сонымен қатар 628 пәтер «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған.
Облыстың құрылыс саласына қосқан үлесі үшін үздік құрылысшылар «Құрмет» орденімен, алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1048252?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау