Түркістан қаласында XII өңірлік Азаматтық форум өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 2025 жылғы 8 тамыз күні Түркістан қаласында «Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік: Азаматтық қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында XII өңірлік Азаматтық форум өз жұмысын бастады.

Форумның мақсаты – азаматтық қоғам институттарын қолдау арқылы әлеуметтік жауапкершілік пен белсенділікті арттыру, сондай-ақ, азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын ынталандыру.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті, салалық басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және өзге де мамандар қатысуда.

Форум шеңберінде азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асырудың екінші кезеңіне арналған ұсынымдарды әзірлеу, «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы» заң жобаларын талқылау, «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Заң және тәртіп» идеологиялық бағыты аясындағы мәселелер қарастырылады.

Форум барысында айтылған барлық ұсыныстар қазан айында Астана қаласында өтетін XII республикалық Азаматтық форумда талқылауға жолданатын болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1047842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version