Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі «Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 80/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 153/18 шешіміне сәйкес, санаторий- курорттық емдеуден өту кезінде келесі әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған:
– 1 – топтағы мүгедектігі бар адамдарға еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына 55 АЕК мөлшерінде ( 2025 жыл- 216260 теңге);
– 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына 20 АЕК мөлшерінде ( 2025 жыл- 78 640 теңге);
Әлеуметтік көмек алу үшін қажет құжаттар (түпнұсқада ұсынылады):
- Жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
- 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға -жеке көмекшінің қызметін алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі; 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – санаторий-курорттық ем алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі;
- Қазпошта, Халық, Форте немесе Каспий банктерінде ашылған дербес шоттың 20 таңбалы нөмірі.
Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-індегі №106 кабинеттен немесе 740120, 740081 телефондары арқылы алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/1048263?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау