«АБАЙДЫҢ СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КЕНІ» АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін «Жеңіс» саябағында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдың сөзі – ақылдың кені» апталығының
жабылу рәсімі өтті.
Әдеби кешті Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев ашып, Абайдың қазақ руханиятындағы орны мен мәңгілік мұрасын атап өтті.
Шара барысында ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Айғаным Серім, Қазақстанның құрметті журналисі Роза Нарымбетова, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері Несіпкүл Өтебаева сөз сөйлеп, ақынның әдебиеттегі рөлі мен ұрпаққа қалдырған өсиетінің мәніне тоқталды.
Әдеби аялдама аясында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде кітапхананың үздік оқырмандары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Әнді сүйсең, менше сүй…!» бөлімінде қалалық Мәдениет үйінің әншілері ұлы ақынның «Айттым сәлем Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Көзімнің қарасы» сынды әндерін орындады. «Қара сөздер – кемел ойдың кілті» бөлімінде Абайдың қара сөздерінен үзінділер ұсынылды, ал «Хакім Абай: Өмірі, өлеңі, өнегесі» айдарында қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар «Абай – қазақ руханиятының шамшырағы» атты кітап және инсталляциялық көрме ұйымдастырылып, киіз үй жасақтары көпшілік назарына ұсынылды.
Жалпы іс-шараға 100-ге жуық қала тұрғыны қатысып, рухани байлыққа толы кештен тағылым алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1048289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version