Шортанды аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова № 8 сайлау округі бойынша депутат Е. Васильевамен бірлесіп, жұмыс сапарымен Дамса ауылындағы әлеуметтік нысандарын аралады.
Сапар барысында Дамса ауылында орналасқан спорт кешені қаралды. Ғимараттың және инфрақұрылымның жай-күйін бағалады, сондай-ақ қажетті жөндеу бойынша өзекті мәселелер мен қажеттіліктерді талқылады. Бұдан әрі «Дамсинская» бөгетінде және Дамса ауылында салынып жатқан жаңа орталық қазандық пен жылу желілерінде шлюздер салу және су ағызу құрылысын консервациялау бойынша жұмыстардың барысымен танысты.
Кездесу барысында аумақтарды жақсарту және абаттандыру бойынша ұсыныстар айтылды. Қорытындысы бойынша жиналған ақпарат Дамса ауылында әлеуметтік саланы қолдау және дамыту бойынша, депутаттар, одан әрі жұмыс істеу үшін негіз болатынын атап өтті.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1048129?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау