ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ КӨКПАР ТУРНИРІ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІҢ АЙҒАҒЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен, аудандық спорт бөлімдері және Софиевка ауылдық округінің қолдауымен ересектер арасындағы көкпардан облыстық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендер мен қатысушылардың зор ықыласына бөленді.

Бұл турнир – тек спорттық жарыс емес, бұл — ата-баба мұрасын дәріптеп, ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған үлкен шара. Көкпар — қазақ халқының рухымен, ерлігімен, намысымен біте қайнасқан ежелгі ойын. Осындай дүбірлі доданың қайта жанданып, жаңа буынға үлгі боларлықтай деңгейде өтуі – ұлттық спорттың қанатын кеңге жайып келе жатқанын көрсетеді.

Турнирге Ақмола облысының әр өңірінен келген ең мықты шабандоздар қатысты. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Әр команда өз ауданының намысын қолдан бермеуге тырысып, шынайы ерлік көрсетті.

Нәтижесінде жүлдегерлер келесідей анықталды:

1 орын — Целиноград ауданы

Жүлде: 1 000 000 теңге

2 орын — Бурабай ауданы

Жүлде: 700 000 теңге

3 орын — Ақкөл ауданы

Жүлде: 500 000 теңге

4 орын — Бұланды ауданы

Жүлде: 300 000 теңге

5 орын — Қорғалжын ауданы

Жүлде: 200 000 теңге

Жалпы жүлде қоры – 2 700 000 теңгені құрады!

Бұл — тек қаржылай қолдау ғана емес, ұлттық спортты дамытуға деген нақты қамқорлықтың көрінісі.

Ұлттық спортымыз жасай берсін!

Барша қатысушыларға, бапкерлерге және жанкүйерлерге үлкен алғыс!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1048170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version