Маңғыстауда үш сотталған рақымшылықпен жазадан босатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-нің Түпқараған аудандық пробация қызметінің есебінде 70-тен астам адам бар. Солардың ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған үш адам болды.

2025 жылғы 23 маусымда күшіне енген, Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына орай қабылданған «Рақымшылық туралы» ҚР Заңына сәйкес, аталған сотталғандар осы заңның қолданылу аясына еніп, қалған жазасын өтеуден босатылды.

Босату туралы қаулылар, үкімдер заңды күшіне енгеннен кейін, Түпқараған аудандық сотымен шығарылды.

Пробация қызметі рақымшылық шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыра отырып, есепте тұрған азаматтар арасында қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың қоғамға қайта бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында профилактикалық әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1048358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version