ҚАЛАДА ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚАЛАДА ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Биылғы жылы қалада жылу желілерін жаңғырту бағытында 6 жоба іске асырылуда. Аталған жобалар аясында жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын жылу желілері қайта жаңартылып жатыр.

Нәтижесінде 81 мыңнан астам қала тұрғыны сапалы әрі үздіксіз жылу энергиясымен қамтылатын болады. Оның ішінде 320 көпқабатты тұрғын үй, 57 әлеуметтік нысан және 2088 бизнес нысаны бар.

Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, жылу желілерінің тозу деңгейі 42 пайыздан 40 пайызға дейін төмендейді. Бұл өз кезегінде жылу энергиясының сапалы берілуіне және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде және олар жылу беру маусымына дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Барлық жұмыстар күнделікті бақылауға алынған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1048081?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version