Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова «GINO» холдингінің президенті Нодари Гиоргадземен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Братислава, 2025 жылғы 8 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Грузияның Словак Республикасындағы Құрметті консулы, «GINO» холдингінің президенті Нодари Гиоргадземен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективаларын талқылады.

Елші Қазақстанның туристік саласы айтарлықтай әлеуетке ие екенін және ел экономикасының жаңа өсу нүктесіне айналуға тиіс екенін атап өтті. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде туристік саланы жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық экономикаға интеграциялауға бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылып жатқаны туралы хабарлады.

Кездесу барысында шетелдік инвестицияларды ынталандыру аясында Қазақстан Үкіметі туристік нысандардың құрылысын жүргізу үшін салықтық жеңілдіктер мен субсидиялау бағдарламаларын ұсынатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, Алматы қаласында, Алматы, Ақмола, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында туристік нысандар салу жөніндегі инвестициялық жобалар таныстырылды.

Анықтама: «GINO HOLDING» туризм және қонақүй бизнесі саласында Грузия мен Словакияда кең ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Грузияда холдингке Gino Wellness Mtskheta, Hotel Gino Wellness Rabath, Gino Sunrise Batumi, сондай-ақ Gino Grand Hotel Melikishvili сияқты танымал нысандар тиесілі.

Қазіргі уақытта холдинг Тбилиси теңізі (жасанды көл) жағалауында орналасқан «Tbilisi Boulevard» ауқымды жобасын іске асыруда. Бұл жоба елдің визит карточкасына айналады деп күтілуде. Жобаның инвестициялық портфелі 250 миллион еуроны құрайды.

Словакияда холдингтің басты жобаларының бірі – Поважска-Бистрица қаласында XVI ғасырдағы сарайда орналасқан Gino Park Palace бутик-қонақүйі мен мейрамханасы. Бұл қонақүй екі рет «Еуропадағы ең үздік тарихи неке сарайы» атағын иеленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1048267?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version