Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын, экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын және «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының ауылдық елді мекендері арасында жыл сайынғы «Үлгілі ауыл» конкурсы жарияланады.
📌 Байқаудың мақсаты-ауылдық аумақтарды дамытуды ынталандыру және азаматтық белсенділікті арттыру.
📌Конкурстың міндеттері-экологиялық мәдениетті нығайту, абаттандыруды, инфрақұрылымды, бос уақытты және ауылдағы спорттық белсенділікті дамыту.
📅 Өтінімдерді беру мерзімі:
2025 жылғы 8 тамыз сағат 09:00-ден 17 тамыз сағат 18:30-ға дейін
📬 Өтінімдер белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) мекенжайға беріледі: [akowa_2012@mail.ru] немесе WhatshApp 87785152995
Ауыл туралы растайтын құжаттар мен бейнероликті міндетті түрде қоса беріңіз.
Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі
🎁 Жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталады:
тірек ауылдардың арасында
спутниктік ауылдар арасында
басқа ауылдардың арасында
📣 Қостанай облысының барлық ауылдық елді мекендерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!
Басқаларға үлгі бол – Үлгілі ауылдың қандай болуы мүмкін екенін көрсет!
Қостанай облысында «Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу туралы ереже
«Үлгілі ауыл» конкурсына қатысуға ӨТІНІМ НЫСАНЫ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1048085?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау