Құрметті құрылысшылар, құрылыс саласының ардагерлері, инженерлер, жобалаушылар, сәулетшілер, жұмысшылар, сондай-ақ кәсіби қызметі инфрақұрылымды құруға және дамытуға байланысты барлық адамдар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Сіздерді кәсіби мереке – Құрылысшы күнімен құттықтаймын!

         Бұл күн өз еңбегімен әрбір тұрғынның жайлы және қауіпсіз өмірінің негізін құрайтын адамдарға үлкен ризашылық білдірудің ерекше себебі болып табылады. Сіздер — құрылысшылар — тұрғын үйлерді, мектептерді, ауруханаларды, жолдарды, көпірлерді, кәсіпорындарды және басқа да маңызды объектілерді тұрғызып, қаланың келбетін қалыптастырып, өмір сүру сапасын жақсартып, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етесіздер.

       Құрылысшы мамандығы жоғары жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті, егжей-тегжейге мұқият болуды және iсiне берілгендікті талап етеді. Әр кезеңде – жобалаудан бастап объектіні тапсыруға дейін-болашақ құрылымдардың қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар адамдардың сенімі де Сіздердің жұмыстарыңызға байланысты.

        Осы мереке күні шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық, жаңа кәсіби табыс тілеймін! Сіздердің әрбір жобаңыз дәл уақытында жүзеге асырылсын, әрбір объект — берік және сенімді болсын, ал әрбір жұмыс күні —  қанағаттанушылық пен орындалған iс үшін мақтаныш әкелсiн.

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                    А. Светаш

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1048159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version