«Таза Қазақстан»: Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы шағынаудандардың аулаларын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
8 тамыз, жұма күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапары барысында жоспардан тыс Тараз қаласындағы «Ақбұлақ» (1) шағынауданының бірқатар аулаларын аралап, тазалық жағдайымен танысты.
 
Өңір басшысы қала әкімдігіне қоқыс шығаратын мекемелердің жұмысын тұрақты түрде ұйымдастыруды үйлестіруді ескертті. Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға әрі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды.
 
Ербол Қарашөкеев М-1 жылу желісін қайта жаңғырту жобасының іске асырылу барысын бақылап, мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. 
 
Бұдан соң Абай даңғылы бойында салынып жатқан ұзындығы 165,87 метр болатын, төрт жолақты көпір құрылысының барысымен танысты. Бұл жоба – қаладағы көлік қозғалысын оңтайландыруға және жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды нысандардың бірі.
 
Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жоспарға сәйкес көпір құрылысы 1 жыл 3 ай ішінде аяқталады деп күтілуде.
 
Аймақ басшысы Тараз қаласы Жібек жолы ауданы аумағына қосылған Түркісіб алқабын аралау барысында облыс орталығына енген 14 елді мекенде шешімін таппаған мәселелердің әлі де бар екенін атап өтті. Сондықтан тұрғындарға бұл түйткілдердің бюджет мүмкіндіктеріне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін түсіндіру қажеттігін ескертті.
 
Сонымен бірге Қойгелді (1,337 км), Комратов (1,468 км) және Лермонтов (1,421 км) көшелерін орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. 
 
Бұл күні облыс әкімі Тараз қаласында ағын судан зардап шеккен үйлерді аралап, тұрғындармен тілдесті. 
 
Еске сала кетейік, 7 тамыз күні, сағат 20:35 шамасында, «Зербұлақ» көлінде белгісіз тұлағалардың шлюздерді ашуы салдарынан суармалы арнаға көп мөлшерде ағын су келгені анықталды. Нәтижесінде Достоевский бұрылысы, Жуанышев көшесі, Ұлбике ақын көшесі мен 1-бұрылысы, Ниетқалиев пен Бөлтірік шешен көшелерінде орналасқан 30 тұрғын үйдің ауласын, сондай-ақ 2 жертөлені су басқан. 
 
Тұрғын үйлердің ішіне су кіргені туралы деректер тіркелген жоқ.
 
Оқиға орнына дереу 25 адам, 12 арнайы техника мен көлік жұмылдырылды. Әуелі шлюздер жабылып, кейін су ағыны тоқтатылды.
 
Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы әкіміне бұл мәселені толық зерделеуді, зардаптарды жою бойынша нақты және жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/1048202?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version