Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қ.Жұмашев, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Алматов, Түркістан облысының білім басқармасы басшысының м.а Ғ.Орынов, Түркістан қаласының білім бөлімінің басшысы Б.Төлімбет Түркістан қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерін аралады.
Өз кезегінде олар Түркістан қаласында орналасқан Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебіне арнайы барып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Мұнда сала өкілдері оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылу деңгейімен, материалдық-техникалық базаның жай-күйімен, сондай-ақ білім сапасын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар, Қ.Жұмашев барлық мұғалімдерге қажымас қайрат, шығармашылық табыс, тәрбиенің биік шыңын бағындыруда ұжымға бірлік пен ынтымақ, табандылық пен табыс тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1048185?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау