Жұмыс кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасарының төрағалығымен аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023–2027 жылдарға арналған даму жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында 2025 жылдың өткен кезеңі бойынша бөлімдердің көрсеткіштері айтылды.

Сонымен қатар келесі мәселелер талқыланды:
– 2025 жылғы 31 шілдедегі атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы жекелеген мәселелер бойынша МОК (негізгі көрсеткіштер) хаттамасы, онда өтініштерді уақытылы және тиісті түрде қарау, сондай-ақ қойылған мәселелерді жан-жақты зерделеу қажеттілігі көрсетілген;
– 2025 жылғы 23 шілдедегі Бас әскери прокуратураның хаты, онда Әскери соттар шығарған атқарушылық құжаттарды орындау кезінде қаулыларды тиісті әскери прокуратураларға санкциялауға жіберу қажеттілігі көрсетілген;
– 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалақыны өндіру және мемлекеттік кіріс пайдасына өндіріп алу жөніндегі атқарушылық өндірістер бойынша МОК анықтамасы;
– Республикалық мемлекеттік сот орындаушыларында (МСО) орындалу үстіндегі өндірістер бойынша, оның ішінде орындаушылық санкцияны өндіру бойынша мониторинг.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1048037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version