Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде қазіргі таңда 195 азамат тұр.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған «Рақымшылық жасау туралы» Заң аясында олардың 94-іне рақымшылық шаралары қолданылды.
Оның ішінде:
– 28 азамат пробациялық бақылаудан босатылды;
– 66 азаматтың жазасы қысқартылып, жеңілдетілді.
Рақымшылық туралы заң — түзелу жолына түскен азаматтарға жаңа мүмкіндік беретін, қайта қылмыс жасаудың алдын алуға және қоғамға бейімдеуге бағытталған маңызды құқықтық әрі әлеуметтік құрал болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1048362?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау