Шығыс Қазақстанда 2009-2010 жылдары туған қыздар құрама командалары арасында өткен Жазғы Қазақстан чемпионатының жабылуы өтті.
Республиканың әр өңірінен барлығы 12 құрама қатысты. Финалға Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары шықты. Ақтық сында өңірлік команда жеңімпаз атанды.
Спорттық шара барысында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұл чемпионат еліміздің және өңірдің жас спортшылар үшін маңызды іс-шара екенін атап өтті.
«Волейбол – бұл жай ойын емес, бұл командалық рух және жеңіске деген құштарлық! Бүгін біз қызықты және шиеленісті ойындардың куәсі болдық», – деді облыс әкімі.
Азия чемпионатына қатысу үшін ойыншылар арасында іріктеу ұйымдастырылып, үздіктері Қазақстан құрама командасының сапына кіреді. Ол іс-шара қыркүйек айында өтеді.
Өңір әкімі ШҚО жеңімпаздарын, сондай – ақ екінші және үшінші орын алған СҚО мен Астанадан келген жүлдегерлерді марапаттап, спортшыларға болашақта халықаралық ареналарда ел намысын лайықты қорғауды тіледі.
Содан кейін Нұрымбет Сақтағанов «Berel» кәсіби волейбол клубының ойыншыларымен кездесіп, оларға алдағы жарыстарға жеңіс тұғырыран көрінетіндеріне сенім білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1048372?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау