ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ НАҒЫЗ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы Шымкент қаласында нағыз рухани-мәдени мерекеге айналды. Қаладағы Абай саябағында хакімнің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастап, қаланың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, ҚХА өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар және қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ақынның рухына тағзым етті.

Ақын ескерткіші алдында бүлдіршіндер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Олардың балғын дауыстары жиналғандардың жүрегіне жылу сыйлады. Мерекелік рәсімде Абайдың мәңгілік жырлары әуеге қалықтап, тыңдаған жанның жүрегіне мейірім мен терең ой ұялатты.
Мұнан кейін тағылымды іс-шараға жиылған көпшілік саябақтағы «Хакім Абай» музейін аралап көрді. 2009 жылы ашылған бұл музей «Абай заманы» залы, «Хакім Абай» залы, «Абайтану» залы және галерея секілді бөліктерден тұрады. Музейге келушілер ақынның шығармаларымен, аудармаларымен және Абай өмір сүрген замандағы қазақ халқының тұрмыс-салтымен таныса алады.

Музейді аралап, рухани нәр алған қонақтар одан әрі Шымкенттегі Көрме орталығында «Ұлы Даланың Ұлы Абайы» атты көрмемен танысты. Онда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін экспонаттар қойылған.

Рухани-мәдени мереке мұнан әрі республикалық “Абай әлемі” байқауына жалғасып, ақын тойының шаттығы қаладағы барлық мәдени ошақтарда ән мен жыр болып өріліп, думанды мереке ретінде өтіп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1048404?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version