Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт Қарауыл ауылында өтті. Айтулы шараға 20 мыңнан астам облыс тұрғыны мен қонақтар, сондай-ақ шетелдік туристер жиналды.
Адам көп шоғырланған сәтте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Әсіресе кәмелетке толмағандардың амандығына баса назар аударылды. Бір кештің өзінде 15-тен астам баланың жоғалу фактісі тіркелді.
Дегенмен тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында олардың барлығы дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды. Балаларды іздестіру барысында полиция оқиға орнынан тікелей эфир жүргізіп, олардың бейнелерін концерт сахнасының үлкен экранында көрсетті. Бұл ата-аналардың баласын тез танып, жанына жетуіне мүмкіндік берді.
Патрульдік полиция батальоны мерекелік іс-шара өтетін аумаққа кіреберіс жолдарда қозғалысты қадағалап, автокөліктердің ретсіз жүруіне жол бермеді және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
— Күшейтілген режимдегі қызметіміз жалғасуда, — деді Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1048746?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау