Ақтауда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 тамыз – ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Осыған орай Ақтау қаласында Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, ардагерлер, маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шарада ақын шығармашылығынан өлеңдер оқылды. Жиынға қатысқандар ұлы ойшылдың қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан айрықша үлесін еске алып, ақынның шығармалары мен өсиеттерінің өзектілігін атап өтті.

-Абай Құнанбайұлы – ұлттың рухани темірқазығы. Оның еңбектері мен өсиеттері уақыт өткен сайын құндылығын арттыра береді. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл – тағылым мен тәрбие мектебі, деді Қазақстан жазушылар одағының Маңғыстау облысы бойынша төрағасы Сұлтанбек Құдайберген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1049165?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version