Мәскеуде Абай күні атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары, Мәскеудегі қазақ мәдениеті қауымдарының өкілдері, жергілікті жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының «Чистые Пруды» бульварындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Дипломаттар атап өткендей, Абай халыққа сол уақытта аса қажет болған жаңғыру қуатын берді: оның қазақтар үшін әлемді ашу ұмтылысында қазіргі Қазақстан мен қазақстандықтарға тән көпвекторлық, ашықтық және мәдени әртүрлілік саясатының элементтері бар.

Өз кезегінде, ТМД астаналары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті – бас директоры, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ю.Васюнькин бүкіл әлемде танылған Абай мұрасының ұлылығы мен жаһандық-тарихи маңыздылығын еске сала отырып, ақынға көптеген елдерде ескерткіштер қойылуы осыған куә екенін атап өтті. Ол барлығын алдағы 26 қыркүйекте Мәскеу ұлттар үйінде өтетін Абайдың 180 жылдығына және ұлы орыс ақыны Сергей Есениннің 130 жылдығына арналған шығармашылық кешке шақырды.

Мәскеуде тұратын отандасымыз Гүлбаршын Дүйсенбаева пікір білдіріп, «Абай – ұлы адам, халқымыздың мақтанышы, жас ұрпақ оны тануы және мақтан тұтуы тиіс, ал біз аға буын ретінде өз дәстүрлері мен тарихын ұмытпауы үшін жастарға жеткізуіміз керек», – деп атап өтті.

Іс-шара аясында қатысушылар Абайдың қара сөздерін оқып, әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін шырқады.

Абай күні ҚР Үкіметінің 2020 жылғы қаулысымен бекітілген. Мәскеуде Абай ескерткіші 2006 жылдың 4 сәуірінде ашылған. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ақынның 180 жылдығына арналған құттықтауында атап өткендей, Абайдың бай мұрасы қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін рухани бағдар болды. «Оның ойлары мен өсиеттері ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан, Абай шығармаларының терең мәнін түсіне отырып, оның шығармашылығын зерттеу және насихаттау өте маңызды», – деп атап өтті Президент.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan/press/news/details/1048733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version