Қостанай ауданында ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйелерін салуға және дамытуға 4,1 млрд теңге бөлінді
Қостанай ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендерде 100% сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ауданның барлық ауылдары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілуі тиіс, бұл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін маңызды қадам болып табылады.
Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әбішевтің айтуынша, қазіргі уақытта сумен қамтамасыз ету бойынша 10 ірі жоба жүзеге асырылуда:
– Тобыл қаласында су құбыры желілерін салу (сметалық құны 4,3 млрд теңге). Жұмыстың 39,2% орындалды: 62,7 км желінің 24,6 км төселді, 1014-тен 385 құдық орнатылды.
– Владимировка ауылын сумен жабдықтау (1,7 млрд теңге). Электр беру желілерін іске қосу және монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
– Половниковка және Айсары су құбыры желілерін салу (1 млрд теңге). Жұмыстар аяқталды, анықталған ақаулар жойылды.
– Константиновка ауылын сумен жабдықтау (774,3 млн теңге). Үйлерге су беруді шаю және тестілеу аяқталады; аяқталуы – ағымдағы жылдың тамыз айы.
– Лиманое ауылында желілер салу (942,9 млн теңге). 8,7 км-ден 5,6 км (51,4%) төселді, 50-ден 48 құдық орнатылды.
– Заречный ауылында желілер салу (2,8 млрд теңге). Жұмыстың 78,5% орындалды: 56,8 км желінің 44,5 км төселді, 318-ден 210 құдық орнатылды.
– Қостанай қаласынан Заречное ауылына дейін ӘКК реконструкциялаумен және Октябрьское ауылын қосумен байланыстырушы су құбырын салу (1,4 млрд теңге). 470 абоненттің 295-і қосылды; электрмен жабдықтау желілері салынды және 500 м3 екі резервуар сумен толтырылды.
– Нечаевка ауылында желілер салу (1,5 млрд теңге). Жұмыстың 31,8% орындалды: 58,4 мың желінің 18,6 мың м төселді; 190-нан 130 құдық орнатылды. Аяқталу мерзімі-2026 жылдың қазан айы.
– Рыспай ауылында желілер салу (820,2 млн теңге). Жұмыстың 42,5% орындалды: 47,9 мың желінің 20,4 мың м төселді; 108-ден 51 құдық орнатылды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.
– Мәскеу ауылын сумен жабдықтау (1,2 млрд теңге). Техникалық қадағалау бойынша ескертулер жойылуда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуінің шамамен 94% – на қол жеткізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1049195?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау