Оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Мектеп оқулығының негізгі қызметтері – ақпараттық және оқыту. Оқулыққа дидактикалық, психологиялық және гигиеналық талаптар қойылады. Оқулықтарға қойылатын гигиеналық талаптар-бұл қаріптің мөлшері мен сапасына, қағаздың сапасына, мектеп оқулықтары жиынтығының шекті рұқсат етілген массасына қойылатын талаптар.

   Қазақстан Республикасының мектептерінде пайдаланылатын кез келген оқулық материалды берудің мазмұны мен әдіснамасы, сондай-ақ оқу басылымдарына гигиеналық нормативтерді сақтау бөлігінде қатаң түрде мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-124 бұйрығымен оқу басылымдарына гигиеналық нормативтер бекітілді.

   Оқу басылымдарын санитариялық-эпидемиологиялық сараптау Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы №299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға  жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар  мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне жүргізіледі. Оқу басылымдарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханалық зерттеулер (сынақтар) кешенімен жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша оқу басылымдарының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы сынақ хаттамасы беріледі. Оқу басылымдары сынақ хаттамасы болған жағдайда ғана шығарылады.

   Гигиеналық талаптарға сәйкес бір оқу басылымының салмағы:

      –  1–4 сынып оқушылары үшін 300 граммнан;

      – 5–6 сыныптар үшін 400 граммнан;

      – 7–9 сыныптар үшін 500 граммнан;

      – 10–11(12) сыныптар үшін 600 граммнан аспайды.

      Бұл ретте, оқу басылымының салмағын 10%-дан асырмай көбейтуге жол беріледі.

   Оқу басылымдарын дайындауға арналған қағаз баспа мәтінінің жақсы көрінуін қамтамасыз етеді. Шағылысу коэффициенті 70%-дан 80%-ға дейінгі ақ немесе кішкене сарғылт түсті қағаз қолданылады.

   Оқу басылымдарын басып шығару айқын, қарқынды қара түсті және біркелкі болады. Оқу басылымдарында ақпараттың бұрмалануына немесе жоғалуына, дұрыс басып шығармауға, желімнің құйылуына, беттердің желімделуіне және ашу кезінде мәтіннің немесе иллюстрациялардың зақымдалуына, умаждалған, лас беттерге, мұқабаның түбіртектен артта қалуына алып келетін ақауларға жол берілмейді. Оқу басылымдарын түптеу аз ластанатын тығыз материалдан көзделеді.

   Қазіргі уақытта елімізде оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру рәсімі жүргізілуде. Гигиеналық нормативтерге сәйкес электронды оқу басылымдарындағы мәтіндік ақпарат үшін: қаріп гарнитурасының жіңішке жазылуын, негізгі мәтін үшін қаріп гарнитурасының курсивті жазылуын (мәтінді бөлуді қоспағанда),      бір электронды бетте толқын ұзындығы әртүрлі қаріптің төрттен артық түсін, электронды беттің қызыл фонын, анимациялау әсерлерін, сөздерді тасымалдауды қолданбайды.

   Гигиеналық талаптарға сай келетін оқулықтар балалардың денсаулығы үшін қауіпсіз және ыңғайлы оқу және тәрбиелеу жағдайларын қамтамасыз етеді, баланың жұмысқа қабілеттілігін арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1049199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version