Шараға аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысып, ауыл спортшыларына сәттілік тілеп, бұқаралық спорттың маңызын атап өтті.
Жарыс бағдарламасына:
– Волейбол,
– Шағын футбол,
– Асық ату,
– Гір көтеру,
– Тоғызқұмалақ,
– Қазақ күресі,
– Қол күресі сынды ұлттық және бұқаралық спорт түрлері енді.
Қобда, Бұлақ, Жиренқопа, И.Құрманов, Бесқұдық, Терісаққан, Ақраб, Жарық, Сарбұлақ, Талдысай округтерден келген 10 команда өзара тартысты бәсекеде бақтарын сынады. Қатысушылар жоғары спорттық шеберлік танытып, әділ әрі қызықты жарыс өрбіді.
Жеңімпаздар мен үздік спортшылар арнайы марапатталып, ауыл спортына серпін берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/press/news/details/1048739?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау