Ағымдағы жылғы 31 шілде мен 8 тамыз аралығында Қарағанды облысының аумағында төтенше жағдайларда ықтимал қауіп-қатерлерге ден қоюға мемлекеттік органдардың дайындығын тексеруге бағытталған жоспарлы ведомствоаралық «Бекет-2025» оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, күштік құрылымдар, арнайы қызметтер, сондай-ақ Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қатысты. Департамент тарапынан санитариялық-індетке қарсы шаралар ұйымдастырылып, биологиялық қауіптер жағдайында іс-әрекет ету және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл пысықталды.
Осы ретте “Бекет 2025” оқу-жаттығуын өткізуге қосқан үлесі үшін Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгерім Жылқыбаева Қазақстан Республикасы Қарулы күштері бас штабының Алғыс хатымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1048486?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау