2025–2026: Жасанды интеллект қазақстандық мектептерге келген жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім беру саласындағы жаһандық өзгерістер мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан мектеп білім беру үдерісіне жасанды интеллект элементтерін кезең-кезеңімен енгізуді бастайды. Бұл үдеріс ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін, сарапшылар пікірін және оқушылардың қажеттіліктерін жан-жақты ескеру негізінде жүзеге асырылады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2025–2026 оқу жылында AI интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады. Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушыларға арналған Day of AI онлайн-курстары және мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары әзірленді.

Министр, сондай-ақ, «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерді басқару мәселесіне тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа басқару моделі жасалды, ал жайлы мектептерде жұмыс істейтін 3 мыңнан астам педагог үш деңгейлі оқудан өтті. Бұл модель ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылады, ал әдістемелік қолдауды Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1049531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version