Астананың Осакадағы жаңа келбеті: дәстүр мен заманауи мәдениеттің тоғысуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік EXPO-2025 көрмесіндегі Қазақстан күндері аясында Астана әкімдігі Елорданың туристік әлеуетін таныстырып, оның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуды және танымалдығын арттыруды мақсат етті.

10 тамыз күні Осака қаласындағы басты символ – киіз үй болды. Бұл көшпелі халықтың баспанасы, отбасы және тұрмыс-тіршілігінің бейнесі.

«Біз киіз үйді толықтай, дала өмірінің дәстүрлерін, эстетикасы мен философиясын сіңірген тірі кеңістік ретінде әкелдік», – деп атап өтті Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов.

EXPO үшін арнайы жасалған бірегей арт-объектілер:

«Шаңырақ» кинетикалық инсталляциясы – ішкі тіректің символы. Қозғалмайтын орталық және оның айналасында тербелетін шеңберлер өзгермелі әлемдегі тепе-теңдік пен тұрақтылықты білдіреді.

«Дастархан» – ағаштан ойылған инсталляция, ондағы айналатын шеңберлер өмір ағашын бейнелейтін өрнек құрайды. Бұл қонақжайлықтың, диалогтың және ұрпақтар бірлігінің бейнесі. Авторы – Ануар Шаймерденов.

«Қарлығаш ұясы» – әйел күші мен қамқорлығы жайында. Ұшып бара жатқан қарлығаштар, ұя және ортасындағы шаңырақ естелік, сабақтастық және шексіз қозғалыстың метафорасын көрсетеді.

Күн ішінде суретші Ринат Абдрахмановтың туған шаңырағының тақтайларынан жиналған «Естелік осі» мүсінімен арт-перформанс өтті. Нысан дәстүр мен цифрлық болашақ арасындағы өсу нүктесі ретінде бейнеленеді.

Dala – бренді Samal топтамасын ұсынды. Бұл қазақ эстетикасының заманауи интерпретациясы. Жеңіл пішіндер, табиғи маталар және даланың табиғи түстері мәдениетті стиль мен пішін арқылы күнделікті өмірдің бөлігіне айналдырады.

Осакадағы Астана – бұл тек дәстүрлер ғана емес, сонымен қатар олардың заманауи тұрғыда қайта жаңғыруы туралы. Қазақстанның астанасы әлеммен өнер, дизайн және қонақжайлылық тілінде осылай сөйлеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1049229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version